Қолданбалы саясаттану

lat: Qoldanbaly saıasattaný

Саяси мәселелердің даму үрдістерін, тетіктерін зерттеумен, саяси жағдайларды талдаумен, оларды болжаудың ұстанымдық негіздерін жасаумен т.б. айналысатын саясаттану саласы. Қ о л д а н б а л ы  с а я с а т т а н у нақтылы саяси шешімдерге ғана емес, кейде мемлекет стратегиясына да айтарлықтай әсер етеді (ҚҰЭ).